Алшаңдай, шірене басып, керіліп-созылып, кербезденген адамның жүрісі туралы. ~ Шәкіман аға қораздай аяғын кердең басқан басшысынң соңынан ере жөнелген жігіттің біреуінің жеңінен шап етіп ұстай алды … О.Сәр. ~ Анарбай кердеңдеу басып, қолындағы қыл шылбырды шеше бергенде, Дәмелі оның бетіне түкіріп кеп жіберді. К.Қазыб. ~ Үш үйдің арасында елуден асқан шал аяғын
кердең-кердең басып жүр екен. Ғ.Мұст.
