1. Тоңқалаң асты; күлі көкке ұшты; тас-талқаны шықты; басы бәлеге қалды. ~ Абыржып қалсам керек, имек қабырға табанымнан тайып кетті де, аяғым аспаннан келіп құладым. Көзімнің оты жарқ ете қалды. Ә.Сәр.~ Ойламаған жерден Жәнияға ұшырастым да, бала күннен жетелеген жалт-жұлт қиялдың аяғы аспаннан келді. Т.Сәу. ~ Газет сенікі емес, обкомдікі. Сені де бұл қызметке обком бекіткен. Тапсырманың аты — тапсырма, жаса деген соң, жасау керек. Ауылшаруашылық бөлімінің бір қолқасын орындамайтын қайдан шыққансыңдар тегі. Анау редакторың да көки бермесін. Аяғы аспаннан келер… К.Қаз.
2. Шалкасынан түсті, жығылды; алып ұрды, серейтіп салды. ~ Зәресі ұшып кеткен киік, аяғы аспаннан келе аунап түсті де, өлген екем деп ойлағандай қимылсыз қалды. Т.Әбд. ~ «Таныстық үшін»-мен сыңғыр-сыңғыр бүйір қағыстырған рюмкалардың әлденешеуінің аяғы аспаннан келді. Т.Сәу.
