Мақтанды, кісімсіді, өзін жұрттан артық санады. ~ Аяғы аспаннан салбырап түскендей кекіреюін қарашы-ей мұның. Д.Рам. ~ «Ана қара жерден өніп шыққандай, аяғы аспаннан салбырап түскендей жиырма жыл бұрынғы жолы түйіскен әзәзіл шайтанның күйіп сөйлеп: «Өзіме–өзім қол жұмсаймын», – деп салмақ сала сөйлеуінде нендей сұмдық, қандай сұмқыл ниет жатыр?.. Білгіш болсаң сан сауалдың жұмбағын табан тірер түйінді оймен шешіп көрші». Д.Дос.
