Posted in

АЯҒЫ АЯҒЫНА ТИМЕДІ

Зымырады, желдей есті. ~ Адыра қалсын! Кеше емес пе еді, сері жігіт келгенде желдей есіп, аяғы аяғына тимей кеткені?
Ә.Нұрп. ~ Маймақ арсалаңдап келіп, қалпақ толы бүлдіргенді — қалпақ толы хош иісті алақаныма ақтара салды да, аяғы
аяғына тимей өзен жаққа құлдыраңдап жүгіре жөнелді. М.Қаб. ~ Аяғы-аяғына тимей зуылдап келе жатқан кішкентай Ұлжан
ашулы. Жайшылықта жайдары, көңілді жүретін оның мұнысы қалай? Ызадан булыққан қызды, әгәрәки біреу-міреу тоқтатып,
«Не болды балақай?» десе, жылап жіберерліктей халде болатын. Т.Әбдір.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *