1.Аяғы байланды; жүре алмай қалды. ~ «Фермерлердің жолы жабылып, аяғы тұсалды. Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төніп тұр». БАҚ. ~ Бұл бір сөздер бұрын қалған мысал-ды, Қас дұспанның қол-аяғы тұсалды. Асфаһаннан Қалдарұғлы Хасанды, Жолдас кылып қырық жігіт нөкерді, Ата болып, алып қаштың, сұлтаным! БС. “Көроғлұ.”
2. Үйленді, үй болды. ~ Он бес жылдай үйлендіре алмай жүрген жолдасымыздың аяғы бүгін тұсалды. БАҚ.
