Жоқ жерден сүрінді, оп-оңай шаруаны бітіре алмады. ~ Бесіктен шығарып, адам ұлы деп, соның баурына берген балам жазықты ма еді? Қатын-қалаш, ауыл аймағына тым құрыса соны ұғындыра алмаса Бөжейдің аяқтағы суға ағып өлгені ғой! – деді. М.Әу. ~ Мені сонда жүргенде «елден кеттім-ау!» деген қайғы емес, күні-түні сүйегімді кемірген бір өкініш боп еді. «Аяқтағы суға ағып өліппін-ау!», «Кеткенде түк бітірмей, текке кетіппін!», «Тым құрыса, біреуіне естен кетпес бір соққыны, тәубесін есіне түсіре, неғып соғып кетпедім!» деп, өзімді-өзім қинаушы ем» деп тоқтаған. М.Әу.
