Сөзге жүйрік, беделі зор, өктем адам туралы. ~ Қалың Мұрын-сыбан ішіндегі аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермей келген Омардың он сегіз қанатты киіз үйі Аягөз өңірін ғана емес, түу Семей уезіндегі атқамінерлердің бәрі-бәрін таңдай қақтыра тамсантқан атақты отаулардың бірі. О.Бөк. ~ Соқырдың бір сәтке көңілі жошып, құтпан жалды құрайғырдай құрқұрлап, тарта алмай қалды. Аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермейтін шешен болып алды: – Сендер деген не, бірің қарақасқа, есігіңде иті жоқ, басында күйті жоқ кедейсің, екіншің екі қолы жоқ, кім көрінгеннен таяқ жейтін шолақсың. Б.Қыд.
