Күтпеген жерден; оқыстан; кенет. ~ Аңдусызда аяқ астынан әлде бір ит арс еткендей-ақ, Мұқаштың тұла бойы шымыр ете түсті. Ж.Айм. ~ Бөлме ішін жайлап алған жаңағы түсініксіз буалдыр аяқ астынан ыдырап кетті. Ә.Кек. ~ Оның руластары мен сыбайластарына да аяқ астынан жал бітіп, аспандап жүретін әдет шығарды. О.Сәр.
~ Жекпе-жек сайыстың ақыры аяқ астынан бұлай боп шыққанына Қабанбай іштей қобалжып тұрған. Қ.Жұм.
