Posted in

АҒАШТАН ТҮЙІН (ТҮЙМЕ) ТҮЙЕДІ

Он саусағынан өнер тамған, асқан шебер, барынша өнерлі адам туралы айтылады. ~ Он қолдан өнер төгілді, Балқытып
соқты темірді. Түйін түйіп ағаштан, Өрнектеді өрімді. С.Мұқ. ~ Ал, Күлемістікі – «өлмешінің күні». Ол жас күнінен «ағаштан
түйін түйеді» дейтін балташы адам еді. Балалары мал түлігі бола, жалданған табынын ол соларға жайдырады да, өзі
шеберлік кәсібіне отырды. С.Мұқ. ~ Шын шеберлер ағаштан түйін түйген. Сезім сүті уыздай ішінде ұйып, Өледі адам шын
өнер үшін күйіп. Қ.Мыр. ~ Шаһарға келген соң оның үйін тауып, өзіне жолықты. Шеберлігі сондайлық, ағаштан түйін түйеді
екен. ҚЕ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *