Өсек қылды, ғайбаттады. ~ Бұл ағайынның өнер адамдарын ағаш атқа теріс мінгізіп, сыртынан айтақтайтындары жаңа ма.
Бұған дейін де болған, бұдан кейін де жалғаса беретін сыңайлы. Қ.Жиен. ~ Оппозиция деген қызыл көз пәле емес пе.
Оларға кісі түгілі Құдайдың өзін көрсетсең, бойынан талай мін тауып, ағаш атқа теріс мінгізер еді. Т.Сәу. ~ Ал егер бізде
мұның барлығы керісінше болса ше?.. Астапыраллаа-а!.. Олай болса,- тағыда астапыралла-а-а! – онда біз, кешегі ата-
бабаларымыз айтқандай, «ағаш атқа теріс мініп» жүрген жетпегірлер болып шықпаймыз ба?!. Ғ.Қаб. ~ Бұл – басқа
сораптағы әңгіме еді, реті келген соң амалсыз айта кеттік. Ахаңды ағаш атқа теріс міңгізіп жүрген азамат бұдан соң біздің
соңымызға шам алып түсіп жатса, халқымыз оны да естір. Ал, ұяты болса осыған тоқтар. Қ.Олж.
