Аса ділмар; әңгіменің майын тамызып айтатын адам туралы. ~ Әсіресе, осы ауылдың жылқышы, түйеші, сауыншы, мал суарушы, жалшы-малшыларына естілмеген өлеңдер мен сөздер шығады Сейіттен. Соны кейде ән мен домбыраға қосып айтса, кейде Сейіт қарадай төгілтіп, есіп сөйлеп, ағызып айтып береді. Бұның осы айтатынының бәрі тек Абайдың өлеңдері еді. М.Әу. ~ Ол жұлып ала сала Абайдың “Бойы бұлғаң” сияқты, “Адасқанның алды жөн” тәрізді өз өлеңдерін Абайға бұрын ол мүлде естіп-білмеген адамдай ғып, қатты томсарып отырып, ойнақыландырып ағызып айтып береді. М.Әу.
