Көзсіз, ұр да жық, даңғой қыжыл, ыза. ~ Әлгіндегі әпік жоқ, тым-тырыс. Түйіліп отырып-отырып: – Кешір, – деді мүлдем жуас үнмен. Ақкөз ашу айығып, сабасына түскен сыңайлы. Бұл жауап қатқан жоқ. Т.Сәу. ~ Жағасы жайлау, жетісуін жайраңдап? Біреу өлсе, бұл жүр міне сайраңдап. Қайырымдылық, қал енді сен адыра. Ақкөз ашу, әміріңді айт тағы да. В. Шек. ~ Көкiрегiн таптап, езгiлеген қорлық түртiп оятқан мына ақкөз ашу-ыза ешқандай дертке де, өртке де дес берместей. Т.Сәу.
