Қылпылдап, жарамсақтанып, ұшып қонған, жеңілтек кісі туралы. ~ Құнанбай мұның бөгелгеніне ыза боп: – Ей, тілмәш, осы саған «әке» дейін, жарықтығым, тек дегенімді түгел жеткізші!.. Ін аузында отырған ақкөт торғай сияқты қылп-қылп еткеніңді қойшы осы!.. – деді. М.Әу. ~ Мінез-құлқы дарақы Өтеген Жолдыбай шығып кеткен соң:- Әлгі бір шыпжықай жігіт-ау! Ақкөт торғай құсап қипалақтап отыр еді. Біздің сөзімізді жақтырмады білем, ойдайт деген! Т.Рыс. ~ Нұртаза зығыры қайнап, «аузыңа құм құйылып отыр ма» дегендей қасындағы Көбей биге алара қарады. Әшейінде ауыз жаппай ақкөт торғайша шыбжың қағатын ол мына топтың алдында тосыла берген. С.Жүн. ~ Әй, Ыстыбай! Ақкөт торғайдай шықылдаған шалдың сандырағынан қорқып қалдың ба? Әкет! Біржан дейді ғой, Керей үшін жандаралға жанұшырған күйіме кедергі болмақ бұл. С.См.
