Posted in

АҚТЫҚ САЛДЫ

Өлім-жітімге байланысты салт-ғұрыптардың бірі. ~ Адамы қайтыс болған үйге бата оқырға барғанда апарылған малдың, жылқының ноқтасына, түйенің бұйдасына ақ шүберек байлайды. Осы шүберек «ақтық» деп аталады. Батақұрға барғанда саба апарса, саба піспегіне байланған бір тілім ақ шүберек «ақтық» болып аталады. Азалы үйге апарылған мал, ақша, басқа да нәрселер «ақтық салу» делінеді. Ж.Баб. ~ «Ақтық салу» әркімнің әліне қарай болары анық. Атағы, даңқы, аты, абыройы бар, ел азаматы дүние салғанда оны жерлеуге аталастары, руластары, елі, жұрты тіпті хабар естіген қаймана қазақтар да қатынасады. Егер топырақ салуға бара алмаса, кейін бір орайын тауып көңіл айту, Құран оқу, ақтық салу борышы қалайда өтелуі шарт. «Ақтық салуға» туыстар, құда-жекжаттар, аталастар, руластар, қайтыс болған басшының қоластына қарасты адамдар қатынасады. Ж.Баб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *