Ойлау қабылетінен, ақыл-есінен жұрдай болды. ~ Олар шықты есiктен ханға өкпелеп, Көшеден шулап және жылаған көп: “Хан мен уәзiр ақылдан айрылыпты, Өлтiрейiк екеуiн, жынды екен”,— деп. Абай. ~ Мені алжастырып жіберді ғой, Айша апа. Ашу үстінде ақылдан айрылып қалғанымды кейін білдім. Б.Мом. ~ Бұл адам деген хайуанның көзінен жас шыққанда барып, көкірегіне ақыл келеді. Олардың көзі жастан айықса, көкірегі ақылдан айрылады. Ә.Кек.
