Ақылы таяз, не нәрсені де кеш ұғып, кеш пайымдайтын адам туралы. ~ Кірді ғой түстен кейін тентек ақылы, Сертімнің бұл өмірлік ең ақыры: «Адам — құл өзін жеңіп ұстамаған» Деген бір Сократтың бар нақылы. С-М.Тор. ~ «Әттегене-ай!—деді ол ішінен,— ешкімнен ұялмай-ақ, «Гүлнашты өзім апарып салам, Орал, сен әуре болмай-ақ қой» деуім керек екен ғой. «Жаманның ақылы түстен кейін келеді» деген осы – дағы!» Т.Әл ~ Бригадир ренжи ме, ренжімей ме, мен оны ойлап тұрғаным жоқ, ақымақтың ақылы түстен кейін кіреді деп, менің көз алдымда аспаз жеңгеміз… Қ.Ысқ.
