Сөзді тыңда, жөніңе кел д.м. ~ Ешкімнің де бар албанды сыйғызатын жері жоқ. Алдымен қыруар малмен өзіміз сыймаймыз. Ұстағанның қолында, тістегеннің аузында ата дәулет, қан қазына шашылып, төгіліп кеткелі отыр. Осы ақылға қон, тоқтат мынау елді. М.Әу. ~ Басқа барлық ғылымдар сияқты, медицинаға да негіз болатын нәрсе мойындамаушылық, күмәнданушылық. Сонымен қысқасы, ақылға қон. Савойяға барып байқа, ең жақсысы табиғатқа сену: қашан да болса, ең жақсысы осы. О.Бальз.
