Біреумен кеңесті, пікірін білгісі келді. ~ Әнуар. Саған жеңгетай бол деп пе едім. Мен үйленсем сенен ақыл сұрайды дегенді қауашағыңнан шығар. Қ.Мұх. ~ “Жауды аяған жаралы” дегенді білмеуші ме едіңіз, – деді Дәуренбек ызбармен. – Әй, не шатып тұрсың, мен сенен ақыл сұрадым ба! – деді Ахаң да морт кетіп. М.Мағ. ~ Картинаны қолыңа алып, олай-былай аударып – төңкеруге, күнге қарауыңызға, ал түпнұсқалығына күмәндансаңыз әлдекімнен ақыл сұрауға да еркіңіз бар. Қ.Жиен.
