Айқай-ұйқай, астан-кестен жағдай. ~ Таудың арасы болса ақырзаман орнағандай ызы-шу, қым-қуыт. М.Қан. ~ Адамдар ақырзаман орнағандай күйзеліп, қайғырса, мысықтар махаббат қызығына батып, үйлердің төбесіне шығып алып, ойнақ салып жүр. Ш.Мұр. ~ “Қарап отырмай, бәрін бүлдірген сенсің!” — деп Мәкіш өз әйеліне тап берді, ұйыған сүттей болып отырған отбасы быт-шыт болды, айқай-ұйқай, ақырзаман орнады. Ә.Тар.
