1. Тіпті, керек болса, керек десең. ~ Әннен кейін әр алуан кәделі ойындар ойналып, ең ақыр аяғы «Жүзік тықпақ», «Орамал тастамақ», «Балтам тап» ойындарына келгенде ойын-сауық бірте-бірте аяқси бастаған. С.Ас. ~ Бүйтуге болмайды деп оған ықпал жасамақ боп көрген еді, бірақ Валя бет қаратқысыз етіп тауанын қайтарып тастады. — Ақыр-аяғы біздің деревняның әйелдері де тап мұндай ақшақұмар емес… В.Шук. ~ Әркімнің өсегіне қалмау үшін хан нан пісіретін жерге уәзірінен қағаз беріп: «Ертемен келген адамды кім де болса, ең ақыр аяғы, мен болсам да отқа жағып жіберіңдер!» – дейді. ҚЕ.
2. Ақыр соңында, әйтеуір бір, түптің түбінде, соңыра, бара-бара. ~ Оның ойынша енді қолынан ештеңе келмейді, асыл арманына енді жете алмайды. Ақыр аяғы бәрі араққа бола жанжалдасумен ғана тынатын тәрізді. Э. Хэм. ~ Бізде… мода қусаң ақыр аяғы бірдеңені бүлдіріп тынасың. Мүмкіндік пен мәдениеттің өзі сол… М
