Еңбегін тегін пайдаланып кетті, алынбаған өші, қарызы қалды. ~ Ал кімдер салды, қандай еңбек кетті, қанша адам өлді, өшті, кім қанша алды? Кімде-кімнің ақысы кетті дегенді ешкім білмейді. С.Бақб. ~ Хадиша кері бұрылып, үйіне қарай жүрді. Бәйтен оған өзінің жақын адамын өлтіріп, оны неге өлтіргенін де айтпай, құнын да бермей, кетіп бара жатқан біреуге қарағандай ақысы кете, қорлана қарады. Т.Әбд. ~ Бұлардың бәрі Демежанға ақысы кеткен, еңбегі сіңген біреулер болса екен- ау, иесіз малдан қамтып қалуды, талап- бұлауды олжа көрген аш көз ағайындар. Қ.Жұм.
