Істеген еңбегіне (не сатқан тауарына) тиісті төлем талап етіп, дау көтерді, соттасты. ~ Идің, сасық шайырдың ішінде таңертеңнен кешке дейін топырлап жүрген жұмысшылардың арасы күннен-күнге өзгере берді. Кейде ақы даулап, кейде киім даулап, байдың конторына жұмысшылар жиі келетін болып алды. М.Дәу. ~ Біраз сөйлесіп, озып кеткен көшіне барып еді, бір жігітпен шоқша қара сақалды қайта келіп, Ілияспен ілінісе бастады. Ілиястан бір ақы даулады. Жанжалдасты. С.Сей. ~ Желдібайдың бұл өтінішін әбес көрді білем, Елемес қабағына кірбең алып: − Байдан ақы даулап алып беретін мұғалімді сот деп ойлайсыз ба? – деді. С.Ом.
