Posted in

АҚ ДЕГЕНІ АЛҒЫС, ҚАРА ДЕГЕНІ ҚАРҒЫС

Айтқаны – заң, әмірі жүріп тұрған адам туралы. ~ Ендеше Бүркітбайдың бұрынғы бұйрығы – бұйрық, оның бұрынғыдай, ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс! Ә.Нұрш. ~ Біздегі жігіттердің бірде-бірі Ләпбаевтың жел жағынан жүре алмайды. Өйткені бастық алдында оның ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс. Ж.Алт. ~ Күләш. Апам әлгі сөзге ашуланып: «Тоқалды өтірік бейшара қылғаныңды қойшы осы. Тоқал бұрынғы тоқал ма? Осы күнде сен ауған соң, есеге қолы жетіп, ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып отырғанын кім білмей отыр? М.Әу. ~ Менің ақ дегенім – алғыс, қара дегенім – қарғыс. Кім маған немесе мен жұмыс істеп отырған үкіметке қарсы шығатын болса,көзіне көк шыбын үймелетіп, тұқымын тұздай құртамын! –деген дөң айбат көрсететін болды. Ж.Шәк.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *