Posted in

АҚ ЖАЛАУ

1. Соғыста қарсыластың берілгендігін, не келіссөзге шақыруын білдіретін таяққа ілінген ақ шүберек, жалауша. ~ Түске тармаса, түп ізі қала жақтан шығып бізге қарай бір танк келе жатты. Төбесінде «ақ ниеттің» белгісі — ақ жалау бар. Ғ.Мүс. ~ «Бекінді-ақ, қазақтардың аруағы қашады» – деп ойлаған жау үш тараптан қатпағайлап шауып, шабуылды үдетсін кеп. Бірақ отыз мың қазақты төрт күн бойы оқ жаудырып ала алмады. Амалсыз ақ жалау көтеріп елші салуға мәжбүр болды. Ә.Кек.
2. Киелі орындарға байланатын ақ мата. ~ Құсайын қария әулиелерді аралатты. Бабаларымыздың басына ақ жалау байладық. М.Әбу.
3. Мал ауруы. ~ Ақ жалау барда – Малым бар деме, Әзірейіл барда – Жаным бар деме! М.-М.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *