~ Бұндай азапты дұшпанның да басына бермесін. Не, көсіліп, жатып ұйықтау жоқ. Не, ақ жарылып бір күлу жоқ. Қылмысқа батқан адамдай қуыстанады да жүреді. С.Ел. ~ Ондай үн жоқ қой бұл өлкеде. Бет – ұшына қызылы теуіп ақ тісі сәл ашылып ақ жарыла күлді ғой Хансұлу. С.Ел. ~ Мына жағы Алматы, анау шеті Семей, ортада Қапал арқылы сауда жүргізіп, ақшаны да, алтынды да жамбасына басса керек, — деп Пышан ақ жарыла сөйледі. Б.Тоғ. ~ Аманбайға өзі сияқты қара шаруаның адамы, ішінде бүкпесі жоқ, ақ жарылып отыратын Әміртай жағып еді. Б.Тоғ.
