Posted in

АҚ ЖЕМ (БОЛДЫ)

1.Арам тер болды. ~ Берекеңді қашырған, Ел тыныш болса, жақсы сол. Рас сөзге таласып, Ақ жем болма, жаным, кел. Абай. ~ … ана тілді жаулап алған орыс тілділер өктем екен. Ауылдар ана тілге алақабдан көрінеді. Орыс тілі сауырынан сипатпайды. Ана тілдің мәртебесін көтеру жайлы баспасөзде жазылып та жатыр. Радио, теледидарда айтыла– айтыла, ақжем болды. Т.Рыс.
2. Ылғалдың, күннің әсерін ағарып кеткен. ~ Дала. Теңіз … Бір-бірінен құт дарып, Бірін бірі жатыр шөлден құтқарып.Дала – ананың алақаны ұсынған Жағадағы ақ жем тастар сықпа құрт. С.Нұр.
3. Су сорған ет, дене. ~ Ақ көйлегін күйеудің күнде жуып, Ақ жем болды қос қолым судан шықпай. К.Ахм. ~ Көмілген шымдардың беті болмаса, асты әлі жұмсақ екен, ол әрі– бері қопарған соң– ақ сәл иістенген, бірақ су сорып, ақжем болып қалған бұғы етіне де тұмсығы тиген. К.Сег.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *