1. Нәресте, сәби бала. ~ Ақ жұмыртқа, сары уыз, Әлпештеп қолда есірген, Туған ұлдан не пайда: Қолына найза алмаса, Атаның жолын қумаса! М.Өтем. ~ Күні бүгінге дейін «қазақтар „ақ жұмыртқа, сары уыз“ қыздарын қалың малға бола қаусаған шалға сатқан» деген санамызға сіңген сыңаржақ түсініктен толық арылғанымыз жоқ. Ж.Жақ.~ Ана сорлы жатырында ақ жұмыртқа, сары уызды тоғыз ай, тоғыз күн шайқап, толғақ азабын шегіп, тек ата-ана ғана емес, ағайын-тума, ауыл-аймақ жарық дүниеге тағы бір адам келді деп ел-жұрт боп қуануда қажет бар ма еді? Ә.Нұрп.
2. Бейкүнә. ~ Тәңірберген осы сөзді шыт–шыт боп кезерген
ерні күбірлеп ішінен әлде неше рет қайталады. Опасыз, опасыз. Егер тіршілік кешкен дүниең опасыз болса, сен қалайша ақ жұмыртқа, сары уыз боласың. Бола алмайсың. Болғың келсе де қолыңнан келмейді. Ә.Нұрп.
