Надан, көр кеуде. ~ Қырық жыл қой бағып, жең – жағасы қи сасығаннан басқа тапқан бар қадары не?!. Мен ондай ақ көз болғым келмейді. Өйткені, құр еңбекпен, құр адал көңілмен бүгінде қой бағуға да болмайды. Қ.Ысқ. ~ Әйтсе де, Демежан өзге дүниені өзгерте алмағанымен, ақ көз ағайынның шылауына ілесіп, жетегінде кете алмас. Қ.Жұм. ~ Әйгерімге сыбырлаған әзілінде: – Жеңеше-ау, мынау қайнағаң не деген өлерін білмес ақкөз еді! Мұрттай ұшқанын көрдің бе? Абай ағамның мысқылына ажалды кісі тап болсын да!- деп, Әйгерімді қоса еліктірді. М.Әу.
