Сағым тәрізді мұнартқан буалдыр көрініс. ~ Жақын да болса алыс қызға қол созды, жетпеді, айқай салды, жер жарып, жартастарды теңселткен даусын өзі де естімеді, қара шашы бұлтша шұбалған қыз ақ мұнарға оранып, алыстай түсіп, бұлдырап барады… М.Қаб. ~ Борасын үш күн ұдайы ұлып соқты. Соңғы екі күнінде алғашқы түн жауған қарды тоңазытып үйірумен болды. Аспан кіреукеленіп, ақ мұнар бір серпілмеді. С.Ел.
