Posted in

АҚ САЙТАНЫ ИЕКТЕДІ (ҰСТАДЫ, ЖЕЛІКТІРДІ, АЙТТЫ)

Желік берді, қоздырды. ~ Күнделікті қызметте зәредей де жасандылыққа, жалғандыққа төзбейді. Ондайды сезсе болды, ақ
сайтаны ұстап, түбірінен қиып түспей тынбайды. К.Қаз.~ Менің нағашы шешемнің “көріп келі” бар, айтқаны– айтқандай
келетін әулие адам екен. Мен де құр жаяу емеспін. Сол кісінің ақ сайтаны иектеп жүр… – қара қыз өз– өзінен сықылықтап,
ұзақ күлді. Т.Рыск. ~ Көз жасаурап, жұдырық түйілді. Бірақ майдан ашпас бұрын достықтың бұзылуының, қазіргі тілмен
сөйлесек, ресми жағын алдымен бірыңғайға келтіріп алу үшін желкеме мініп, желіктіріп тұрған ақ сайтанымнан сәттік
мұрсатана сұрап, сабыр шақырдым. К.Сег. ~ Маған сенбегенің бе, қарағым? Сенбесең үйіме қайтайын. Бірақ, Жөкен, Шағыр
керек болса менен айрылма. Ұстап бере алмасам, міне бас, кесіп таста. Ақ сайтаным айтып тұр, неге жасырасың? Алдаған
жерім бар ма еді? Ғ.Мұст.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *