1.Мініске көп салынған көлік. ~ Қыс келерін танытар ызғар бар ауада. Суға малшынған қамыс қораның ығында құлағын
салбырата жусап ақ қаптал бір арық ат тұр. С.Шай. ~ Айдалған ақ мақтаға алпыс атан, Ақ қаптал барлығы да сары тіс атан.
Т.Із. ~ Алдымды аңдамасам жер басам ба, Ақ қаптал, аяңшылмын мен қашанда. Тұқымы қаракөктің
болғандығым, Дүбір сап дөңге шықсам анда-санда. Н.Айт.
2. Жырынды, көпті көрген, әккі. ~ Европаның ақ қаптал саясатшылары айтып жүргендей, Петр патшаның батыстағы
көршілерімен ақ алмастың жүзімен сөйлессе, шығыстағы көршілерінің жүрегіне жол табар қайдағы бір «кілт» іздеп баққаны
рас еді. Ә.Кек. ~ Сұраған патшаңа жалтақтамасаң, жан қалмайды,– деп Әбілқайыр мен Оразханға өзі сыр беріпті. Шыны ма,
ақ қаптал айласы ма? Қайсы қыры екені беймәлім. Т.Рыс.
