Сүт қатқан жапырақты қою шәй. ~ Ең жақсы шай әуелгі орған жапырақтан шығады. Үйткені, әуелгі жапырақ уақ, жас болады. Осындай жас кезінде жапырақ нәзік және бетінде күмістей жылтыраған жүні болады. Сол жапырақтан істелген шайды аққұйрық шай дейді, бірақ құйрығы жоқ болады. Жапырақты өте күтіп, сақтықпен жинайды. А.Бай. ~ Ол кездегі қазақ ауылдарында ақ құйрық шай (орысша – фамильная) тек, Шыңғыстың үйінде ғана бар. Ондай шайды Шыңғыс алыстағы Троицк, Қызылжар, Ірбіт, Қорған сияқты қалаларға барып қайтатын сәудегерлерге жетектеп, ұзақ уақытқа жетерлік қып алдырып қояды. С.Мұқ. ~ Көрінсін Біржан салға ай сықылды, Ақ құйрық көңіл ашар шай сықылды.Ұсынса қол жетпейтін арғымағым, Арғынға баламаймын тай сықылды. Біржан С.~ Түгел ұйқыдан оянғанда, әке– шешесі тас құманның бүйірін шоққа тығып, ақ құйрық шайды быршып тартып отыратын. Ү.Жлк.
