Істің ақырын бақты, сақтанды. ~ Қаршыға сол аққан бойында өзеннiң арғы бетiне шығып ап, көк шөп арасында бiраз жыбырлап, иреңдей барып, аңшылар көзiнен жоғалыңқырап кеттi. Бұның аңдысын аңдап, үндемей сiлейiп тұрып қалған аңшылардың айтысқан бiр-бiр-ақ сөздерi: “тұрғыға кеттi, тұрғыға кеттi” деу болды. М.Әу. ~ Нұршаның үнін естіген соң Елеусіздің жүрегі орнына түсейін деді. Орынсыз елегізуден тиылып, Мырзаштың аңдысын аңдай бастады. Т.Әл. ~ Мұндайда бірден иліге салмай, сәл–пәл шіреніп көрсе, қайтер еді?! Кеуде тұсынан шаншу ұстаған керік қатындай кекжие қарап, кергіп сөйлеп, аңысын аңдап көр… Бірақ, тым қатты шалқайып кетпе! Ә.Кек.
