Құмартты; қызықты; көңілі қош көрді. ~ Кейде көркем шығармаға аңсарым ауып, өмірім еш кеткендей көрінгенде, Ақаңның
сол сөзімен өзімді жұбатамын. Т.Жұр. ~ Тіпті жылдар өткен сайын межелі мезгіл таяғанда көңілім елегізіп, Қаратөбеге
аңсарым ауады да тұрады. Е.Зей. ~ Қанша қор ете ұйқыға берілгенмен, бір жақ миы ұйықтамағандай, санасы сайрап, анау
бұрышта бүрісіп, көрпесін қымтай түсіп ботадай ғана бұйығы жатқан жас қызға аңсары ауа берген… Ш.Құм.
~ Шыр еткен шілдеханаға зар болып жүрген ерлі– зайыпты екеуі де, қашқын дүңгендерден қарлы далада қалған кішкене
қызды бағып алуға, аңсарлары ауған. Т.Рыс.
