~ Аңшылық құстары деп аң аулауға ұстайтын құстар айтылады. Мәселен: бүркіт, қаршыға, сұңқар, лашын, тұйғын, тұрымтай, қырғи, ителгі. Бұл құстарды аңшылар аңға салу үшін әуелі баулиды, қолға үйір етеді. А.Байт. ~ Бұлай деуі өзінің алғырлығын айтқаны. Әдетте, аңға саларда, бүркітті ашықтыру үшін оған «ақжем» беретінін аңшылыққа қатысты жоғарыда айттық. С.Мұқ. ~ Қызыл беріп, асырап, есейтеді, түлетеді, күйіне келтіріп баптайды. Есейген соң аңға салады. Ә.Нұрш.
