— Оныки жаңа қатын сен бе?— деп мені көрсетіп: — Мен де оныки қатын еди. Мени тастады. Меники одан кишкене бала қалды. Баланы асырауға ақша жоқ. Баланы саған тапсырдым,— деп маған қарап, жылап қоя берді.
Мен аң-таң болдым. Үй иесі жігіт отырып, маған мәнісін айтты. Бақсам — күйеуімнің орыс қатыны бар екен. Маған оны айтпастан, алып кепті.
