Қатты қапаланды; өкінді, зар қақты. ~ Ал бүгін ол көріктің бәрі де жоқ, Ақ марал, аяғыңа дәл тиген оқ. Өкіндің, жастық,
мастық ісің өтті, Аһ ұрдың, сыртың – жалын, ішіңде – шоқ. М.Жұм. ~ … иненің орны жазылғасын тағы бір иіліп, болған істің
бәрін аңыздай ғып айтып берсем деп, үй іргесіндегі адамды алыста жүрген жолаушыдай аңсап, аһ ұрады. Қ.Түм. ~ Атқа міне
алмасына, мінсе жүре алмасына, жүрсе жете алмасына көзі жетіп түңілген шақта аһ ұрып күрсінді. Ғ.Біл. ~ Қарға жанына
батқан жарадан аһ ұрып, айғайлап, көмек сұрағандай болды. Сол сәтте қанды топалаң басталды да кетті. С.Сағ. * Ер ана,
ерді туған ақылды ана, Көкірегі қарсы айрылып «аһ» ұрды ана. Дел-сал боп көз жасымен қол көтеріп, Батаға жұрттың бәрін
шақырды ана. Ә.Тәж.
