Аңқау, ақкөңіл, арамдығы жоқ адамның сипаты. ~ Бақтияр кіндіктен жалғыз болғасын қол-аяғы бос, алдына ас қойылып, бұлғақтап өскен жігіт. Ішкені алдында, ішпегені артында. Бойы құрықтай. А деп аузын ашса көмейінен жүрегі көрініп тұрады. Биыл әзі тіленіп, құрылыс отрядіне шығыпты. М.Қаб.
