Тәптіштеп, егжейін-тегжейіне дейін әңгімеледі; нақышына келтіре айтты. ~ Өзі бір әңгімені айтуға кіріссе, өте әдемілеп, бажайлап айтады. С.Сей. ~ Екі айдан бері хат жоқ деп қамығады. Шешесі мен екеуі ғана. Хатта аса бажайлап айтпағанмен, тылдың хәлі ауырлаған сияқты. К.Қаз. ~ Білмегенде ше… Алғашқы күні-ақ білгеміз… Командир штаб мүшелерін жинап алып, барлық тарихыңды бажайлап айтқан. М.Қаб.
