Posted in

БАЛАҢ ЖІГІТ

Албырт жас, кемеліне келмеген жас өспірім. ~ Баяғы қалпы, әлі толмаған — сұңғақ та талдырмаш, бетінің сирек секпілі бар, қызыл шырайлы балаң жігіт. З.Шүк. ~ Сегіз сері Көтібар өлгеннен кейін Жайық өзеніне жол тартады да, Нарын құмында жасақ құрып көтеріліске дайындалып жатқан Исатай, Махамбет тобын бетке алады. Ол Исатай, Махамбетпен алғаш рет 1833 жылдың жазында Қызылжар өңіріндегі Қоскөлге таяу жердегі Малдыбай аулындағы тойда танысқан еді. Ол кезде Сегіз серінің балаң жігіт шағы. Н.Әбу. ~ Савченконың еркек балалары әскерде. Мария деген бой жеткен қызы бар. Түнімен өлең айтып, көше қыдырып жүреді. Кейде қамбаға кіріп, өле жығылып жатқан балаң жігітке: — «Жүр! – дейді. – Бірге қыдырайық». Мейірбек көзге тығылған тәтті ұйқысын қимайды… Б.Тоғ. ~ Ауызғы бөлмеде, тырдай жалаңаш үш-төрт балаң жігіт кезек күтіп отыр екен. Мен де шешіне бастадым. Бір кезде менің атым аталды. Ішке кірдім; аппақ киінген өңшең дәрігерлер. Т.Бер.