Албырт, жас, балғын келбет. ~ Мәселен, Сіз өзіңіз сүйіп оқитын төрт–бес ақынның атын атап беріңізші. Ал, мен санап тұрайын. Қане – Бағиланың санауға дайындалып қолын көтергені, өзіне бейкүнә балаң жүзбен тесіле де сынай қараған, күлкіге толы қарақаттай мөлдір жанары жігітті абдыратып тастады. Д.Ис. ~ Хансұлу жігітке көзін төңкеріп бір шекесінен қарады. Күлімсіреп жігіттің Ай сәулесі түсіп тұрған қиық мұртты балаң жүзіне шамалы назар ірікті. С.Ел. ~ Тірлік мейілінше шаршатқан қарт сарбаз талай асаудың жалына жабысып, бүгін де қаламнан жауыр болған сіңірлі сірі қолдарын ақын інісіне ұсына берді. Гүл-гүл жайнаған балаң өңі баяғыдай кірсіз, жылы, тереңдік ұялатқан мейірлі жанардың өтінішінен аттап өте алмасын білді. Ж.Шәк.
