Posted in

БАЛАҢ ҮЙРЕК

Қазақтың ұлттық балалар ойынындағы сұқ саусақтың атауы. ~ Бөлім бастығы аузының қуыс–қуысын қиқымына толтырып, бас бармағы мен балаң үйрегінің басын сап–сары қылып жүрмейді. Н.Дәу. ~ Ол ойнай жөнелді. Шектер үстінде қалтыраған бес саусақ — бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек шет-шексіз дыбыстар дүниесінен маған жұмбақ келісімді қарым-қатынастар іздеп тауып жатты да, ауыз-мұрындардан көтерілген көмірқышқыл және шарам иісін ұдай толқыған мұңды үн ығыстыра бастады. М.Қаб.