Өкініштен іші күйді, налыды, қапа болды, санын соқты. ~ Осы жолы өзі берген сол қағаз алдынан шығып, Әмірге түк істей алмаса керек. Айбек бармағын тістеп: «Өз інімді өлтірдім – ау!» – деп өкініпті дейді. Т.Әбд. ~ ~ Шығыстағы адал күрескері болған ол орыс елінің отарлау саясатының сойқанын кейін сезді, кеш білді. Кеш білді де бармағын тістеп, өзін-өзі жеді. С.Ақт. ~ «Осы маған не болды?— деді ол ішінен сүртініп жатып,— әлін білмеген әлек деп, бір рет өкініш шөгірі өкшеге кірмеп пе
еді?! Х.Ес. ~ Енді сол бақталасының дауысын естігенде тұтас денесі ду етіп, түршігіп кетті. «Бір ауыз сөзге келмей Ақ сарбас деді ғой. Байғұс әйел жүрегі-ай…» деп ойлады. Өзінің кешірілмес қателік өткізгенін бірінші рет мойындады. Қалтырап бармағын тістеді. Ж.Сәм. ~ Ханға келді Наурызбай: — Ержан жауға барыпты, Бүгін мойны қалыпты. Қаталанып ініңіз, Бармағын тістеп, налыпты. Кенеке, айтпай қайтейін, Ініңіз қолды болыпты. Нысанбай ж.
