Posted in

БАРМАҒЫН (БАРМАҚ) ТІСТЕДІ (ШАЙНАДЫ)

Өкінді, қатты қынжылды; опық жеді, “әттең-ай” деп қапа болды. ~ Олай болса, сізді маған тағдыр жазбаған екен. Мен сізді қыз екен деп жүр едім,- деп Ақбала тұрып кетіп қалды. Өз бармағымды өзім шайнап қала бердім. Ж.Айм. ~ Не десең де балалық жасап отсың. Кәзiр албырттықпен тиерсiң, бәрi бiр ертең бармағыңды шайнайсың. Б.Алд. ~ Төбе-төбенің басын иелеген қалың шерікті байқап, бір сәт тізгінін іркіп, сәл кідіріп,«қап» деп бармағын тістеді. Ж.Шәк.