Posted in

БАРҒА МӘЗІР, ЖОҚҚА ҚАНАҒАТ (ӘЗІР, САЛАУАТ)

Қолда барға шүкіршілік ету, риза бола білу керек д.м. Әрбір жан мән беру арқылы өмір тағылымдарын ұғына түседі. Мұндайда тек күйіп – пісіп, уайым жеп, сабырсыздық танытатындар да кездеседі. Кейде барға мәзір, жоққа қанағат еткен жөн. Немесе келесі биігіңді күт. Ә.Ысқ. ~ Жә, жарайды, өзің қалайсың? Барға мәзір, жоққа қанағат. Бірақ, айықпас мұң ба, жәй ұқпас жын ба, көкіректе бір зіл жатыр… Міне, жаймашуақ жаз да жүгін жайғап, тайлап әлдебір жаққа жиналып жатыр. Жылуы кем, жылауы жиі күз де жақындап қалды. И.Сап. ~ Кейде барға мәзір, жоққа қанағат еткен жөн. Немесе келесі биігіңді күт. Ә.Ысқ. ~ Есіркеген шалды аяп кетті. — Қысылмаңыз, отағасы, барға мәзір, жоққа әзір… Біз ықыласыңызға да ризамыз… І.Ес. ~ Бұрынғы ділмар, данышпандар дүйім көптің ішінде ұлан- асыр дауды жұмбақпен айтып, жұмбақтап шешкен. Бізге ондай шешен қайдан бітсін! Бірақ, «барға мәзір, жоққа салауат» деген бар емес пе? Сен неге біздің сөзімізді қомсынасың?!. Т.Әл.