Posted in

БАРҒА ТОҚ

Қол жеткеннен басқаға талпынбады, азға қанағат етті, қолда барға тоқмейілсді д.м. ~ Бірақ ел соған да разы. Оларға не керек – сырт пішіні келіссе болғаны, қауқиып тұрса жетті де. Қой мінезді ел емес пе, әйтеуір, барға тоқ. К.Хам. ~ Бұдан соң вагон. Екінші класс. Менің қарсы алдымда отырған қырықтар шамасындағы әлдебір мырза таңқиған шелектей келте танауына алтын көзілдірік киіп алып, мені менсінбей осқырынып қайта-қайта тұра береді де қайта-қайта қапталған чемоданын қозғап-қозғап қояды. Жинақы, әрі сабырлы, әрі өзіне сенімді, барға тоқ мырза бағасын да тым жоғары бағалайтын болса керек… И.Бун.