Жаздың маужырап, сүттей ұйыған жайлы түні. ~ Басындағы барымта аздап сап болды. Енді оның көз алдына сонау жылдары Ақжайлауда өткізген көркем күндер мен барқыт түндер елестеген. О.Бөк. ~ Ынтыққан екі ыстық жүрек емін-еркін ұғыссын дегендей барқыт түн тыныштық күйін бұзбай, маужырайды да тұрады. Б.Соқ. ~ Тұрғандай шыңда ұялап, Барқыт түн, дала таңы да. Басына шықсаң қиялап, Алматы алақаныңда.. С.Мәу. ~ Сол жұлдыздан моншақ тағынған саршатамыздың барқыт түннің төсіндегі әлгі сансыз жұлдыздар елбіреп, мәңгі қуақылығымен әлсіз бірақ аса қуатты сәуле шашар кірпікті жанарымен жаудырай елжіреп қараған. О.Бөк.
