Posted in

БАРМАҒАН ЖЕРІ, БАСПАҒАН ТАУЫ ҚАЛМАДЫ (ЖОҚ)

Көп елді аралады, көп жерді шарлады; тау-тасты көп кезді; жүрмеген жері жоқ. ~ Бұл Іскендір дуананың бармаған жері, баспаған тауы жоқ. Бұл Өскеменің, бұ Зайсаныңыз, бұ Семейіңіз, бұ Қарқаралыңыз — бәрін де Іскендір жалаң аяқ шарлаған. Ж.Айм. ~ Он алтыншы жылы осы жерлерді үш-төрт ай кезгенде бармаған жерін, баспаған тауын қалдырмағандай едік. Б.Қыд. ~ Қарқ-қарқ күліп Ғинаят қалады. Бармаған жері, баспаған тауы жоқ неме қазақшаңды былай ысырып қойып, орысша, татарша, өзбекше, украинша жеті атаңнан бермен қарай марапаттап бергенде бүкіл ауыл іштерін басып, шек-сілелері қатар еді. Ә.Кек.