Posted in

БАСАЛҚА (БАСАЛҚЫ) АЙТТЫ

Ақыл айтты, кеңес берді; басу сөз айтты. ~ Қажікен Сараның қолыңдағы бауырсағын қағып түсіріп, Сара ыңылдап жылағалы келе жатыр еді: — Айналайын, күнім!.. Қой қой енді… бауырыңа тимесейші! Сенің есің бар ғой!— деп, екі бауырын уатып басалқа айтты. Ж.Айм. ~ Кетті жас көлдей болып көздерінен, Айрылды басалқа айтар сөздерінен, Ерекше өлім шіркін өкіндірер, Топырақ бұйырмаған өз жерінен. І.Тұрм. ~ «Менің ержетіп қалған балам бар, мен күйеуге тимеймін» деп басалқы айтып, түсіндіретін болар. Бірақ Қаратайдың оны түсінгісі, ұққысы келмейді. Б.Соқ. ~ Ау, қойыңдар, шырақтарым, – деп бір шал басалқы айтты. Т.Әбд. ~ Ашуланғаны сонша, қой көзі қып-қызыл болып қанталап, өңінде ызаның ұшқындары шашырап тұрды. Әншейінде басалқы айтатын Жамал, бүл жолы бірдеме деуге батылы жетпеді. Ғ.Мұст.