Әй-шәй жоқ, басынып, адуындап, жетіп келді. ~ Анталап өңшең атты кетті қаптап, Жарқылдап жарақтары жетті ентелей. «Кетпек пе бүл шіркіндер елді таптап?» Келеді баса
көктеп еш именбей. Қ.Аман. ~ Неге рұқсат сұрайсың? Баса-көктеп кірмейсің бе? Мендей бетсіздің бетін тілмейсің бе? – деп Торғын аңыраған күйі Абзалдың мойнына асыла кетті. К.Қаз. ~ Сол екі арада есіктің ойығынан жылт-жылт еткен от көрініп, қолына шырақ ұстаған еркектер бөлмеге баса көктеп кіріп келді. Вера да есін жиып алды. А.Крис.
